Теріс діни ағым өкілдерінен сақтану шаралары
Теріс діни ағым өкілдерінен сақтану шаралары
24.01.2020
658
0

24.01.2020  жылы Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Қ.Қосмахановтың қатысуымен Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округі Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің жоғары сынып оқушыларымен «Теріс діни ағым өкілдерінен сақтану шаралары» атты тақырыпта ақпараттық түсіндіру жұмысы өткізілді.

Теолог маман ретінде теріс діни бағытты ұстанушы азаматтардан сақтану үшін білімді болуға шақырды. Сондай-ақ әдет-ғұрып, салт-дәстүріміздің дін исламмен біте қайнасып кеткендігін айта келе дәстүрімізден аттамауға шақырды. Теріс діни бағытты ұстанушы азаматтарды ажыратып тани алудыңда бір жолы – дәстүрімізге қарсы шығу екенін баса айтты. Сондай-ақ ата-бабамыз ұстанған исламның дәстүрлі ханафи бағыты екенін түсіндірді. Кез-келген ұлттың өзінің дәстүрі, өмір сүру дағдысы бар екенін айта келе қазақ халқыныңда өзіндік ерекшеліктеріне байланысты исламның ханафи бағытын таңдағандығын жеткізді.

Соңынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

 

 

 

0 пікір
Соңғы Жаңалықтар