Таукент кентінде Созақ ауданы әкімдігі Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен кездесу
Таукент кентінде Созақ ауданы әкімдігі Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен кездесу
31.07.2019
748
0

31.07.2019ж Созақ ауданы Таукент кентінде Созақ ауданы әкімдігі Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Таукент гүлдері» бөбекжай балабақшасында мекеме қызметкерлерімен «Мемлекеттің зайырлылық принциптері» атты тақырыпта ақпараттық түсіндіру жұмысы өткізілді. Ақпараттық түсіндіру жұмысына Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің Созақ ауданы бөлімінің теолог маманы Қ.Қосмаханов және Созақ ауданы Шолаққорған «Орталық» мешітінің бас имамы М.Әбдіқұлов қатысты. Балабақша қызметкерлеріне еліміздің зайырлылық принциптері туралы айтылды. Сондай-ақ әлеуметтік желілердегі жалған діни ақпараттардан сақтандыра келе деструктивті діни ағымдардан сақтану жолдары түсіндірілді. Сондай-ақ арнайы дінтану сараптама комиссиясынан өткен кітаптарды ғана оқуға кеңес берілді. Жиын соңынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

0 пікір