Тәуелсіздік күніне орай шағын футбол турнирі өтті
Тәуелсіздік күніне орай шағын футбол турнирі өтті
22.12.2020
477
0

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен облыс орталығында мешіт жамағаттары арасында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні» мерекесіне орай карантин талаптарын сақтай отырып шағын футбол турнирі ұйымдастырылды. Турнирге жалпы 12 команда қатысты.

Жамағат арасында ауызбіршілікті нығайту, бұқаралық спортты дәріптеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған футбол турниріне деструктивті діни ағым жақтастары да белсене қатысты.

Турнирдің ашылу салтанатына Түркістан облыстық қоғамдық даму басқарма басшысының орынбасары Қ.Әбуов, облыстық «Түркістан Қ.А.Ясауи» мешітінің найб имамы М.Ергешбайұлы және «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры Н.Шынасылов қатысып, командаларға сәттілік тіледі.

Турнир аясында түскі ас ұйымдастырылып қатысушыларға ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Бір күнге созылған турнир қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ-орын алған «Түркістан Қ.А.Ясауи» мешіті 30.000 теңге, ІІ-орын иегерлері «Әбу Бәкір» мешіті 50.000 теңге және оқ бойы оза шауып үздік ойын көрсеткен «Тұяқбай ата» мешіті 70.000 теңге қаржылай сыйлықпен, кубок және естелік медальдармен марапатталды. Турнир барысында үздік шыққан ойыншыларға жекелей 8 номинация бойынша марапат және қаржылай сыйлықтар берілді.

 

 

0 пікір
Соңғы Жаңалықтар