Тараздағы колледждердің біріне тағы бомба қойылғаны туралы хабарланған

Полиция басқармасының жедел басқару орталығына белгісіз біреу хабарласып, Жамбыл политехникалық колледжінің барлық корпусына жарылғыш зат қойылғанын айтқан, деп хабарлайды «Хабар 24».
Шақырту орнына Полиция департаментінің жеке құрамы, саперлер мен кинолог мамандары, төтенше жағдай және жедел жәрдем қызметі жұмылдырылды. Колледж қызметкерлері мен студенттер, жалпы саны 1700-ге жуық азамат қауіпсіз жерге көшірілді. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде оқу орнының бас корпусынан жарылғыш зат анықталған жоқ. Қазір екінші корпус тексеріліп жатыр. Полиция Қылмыстық кодексінің 273-бабымен тергеп-тексеруді басталды.
Kazislam.kz порталына сілтеме: Тараздағы колледждердің біріне тағы бомба қойылғаны туралы хабарланған
Көп оқылғандар
Түркістан облысының дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры тағайындалды
ҚМДБ «Жібек Жолы» мекемесімен келісімді тоқтатуға қатысты мәлімдеме жасады
Діни басқарма делегациясы Индонезиядағы халықаралық конференцияға қатысуда
«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің бітіруші түлектерімен кездесу ....