СТУДЕНТТЕРГЕ ДІНДЕР СЬЕЗІ ТУРАЛЫ ДӘРІС ӨТТІ
СТУДЕНТТЕРГЕ ДІНДЕР СЬЕЗІ ТУРАЛЫ ДӘРІС ӨТТІ
17.03.2023
528
0
Университетімізде Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаевтың студент жастар мен магистрант, докторанаттарға арналған дәрісі өтті.
Аталған шараның мақсаты- бірегей диалог алаңы- Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Сьезі мен қорытынды Декларациясының негізгі түйіндерін түсіндіру, оны білімгерлерге жеткізу.
Дәріс барысында Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаев жастар қауымын, бейбіт өмір сүрудің, толерантты қоғам құрудың және конфессияаралық диалогтың қазақстандық моделімен таныстырып, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Сьезі мен қорытындылары туралы айтып, оның халықаралық аренадағы бейбітшілік пен келісім идеяларын ілгерілетудегі ерекше рөлін атап өтті.
Айта кетейік,Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Сьезінде мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаев: «Бейбітшілікті сақтауға және өркениетаралық диалогты нығайтуға бәріміздің мүдделі екенімізді көрсетеді. Өзгеріске толы әрі белгісіздік белең алған қазіргі заманда бүгінгі басқосудың айрықша мәні бар. Біздің съезд өркениетаралық диалог орнататын жаһандық деңгейдегі алқалы жиынға айналды. Бұл форумды өткізуге Қазақстанның бастамашылық етуі бекер емес. Себебі қазақ жері ғасырлар бойы Батыс пен Шығыстың арасындағы көпір болып келеді. Осында, яғни Ұлы дала төрінде небір алып көшпелі империялар өмір сүрген. Діни ұстамдылық – олардың бәріне ортақ сипат, – деген болатын.
0 пікір