Созақ ауданында "Деструктивті діни ағымдардың қауіптілігі" тақырыбында кездесу өткізілді

Түркістан облысы дін істері басқармасының "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ-нің маманы Қ.Қосмаханов Созақ ауданындағы №1 және №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі КММ қызметкерлерімен "Деструктивті діни ағымдардың қауіптілігі" тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында "Ғибадат үйлеріне қатысты мәселелер" тақырыбында дайындалған бүктеме қағаздар таратылды. Сондай-ақ еліміздегі діни бірлестіктер бойынша түсіндіру жұмыстары өтті. Жиын соңынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.