ШЫРАҚШЫЛАРДЫҢ ДІНИ САУАТТЫЛЫҒЫ МЕН БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА АРНАЙЫ КУРС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
ШЫРАҚШЫЛАРДЫҢ  ДІНИ САУАТТЫЛЫҒЫ МЕН БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА   АРНАЙЫ КУРС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
23.12.2025
423
0


Ағымдағы жылдың 23 желтоқсан күні облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен облыстық «Қожа Ахмет Ясауи» мешітінің мәжіліс залында «Облыс көлеміндегі тарихи-мәдени және зиярат орындары шырақшыларының діни сауаттылығы мен біліктілігін арттыру» мақсатында арнайы курс ұйымдастырылды.
Тарихи және қасиетті орындар – халқымыздың рухани жадын сақтап тұрған киелі мекендер. Бұл орындарға келетін азаматтар мен қонақтар шырақшыларды тек қызмет көрсетуші ғана емес, рухани бағыт-бағдар беруші, діни танымның өкілі ретінде қабылдайды. Сондықтан шырақшылардың діни білімі дұрыс, сауатты және дәстүрлі құндылықтарға негізделген болуы – аса маңызды.
Осы мақсатта облыстық дін істері басқармасының бастамасымен шырақшыларға арналған арнайы діни сауат ашу және біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды.
Курстың басты мақсаты – шырақшылардың дәстүрлі ислам құндылықтары жөніндегі білімін жүйелеу, діни мәселелерде қате түсініктердің алдын алу және радикалды, деструктивті идеяларға қарсы иммунитет қалыптастыру.
Курсты жүргізуге білікті теологтар, дінтанушылар және сала мамандары тартылды. Оқу процесі тек дәріс түрінде ғана емес, пікір алмасу, сұрақ-жауап, тәжірибелік сабақтар арқылы жүзеге асырылды. Бұл шырақшылардың алған білімін күнделікті қызметінде тиімді қолдануына мүмкіндік береді.
Іс-шараға Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы, дін істері, мәдениет басқармаларының мамандары, ҚМДБ-ның өкілдері, Түркістан облысы аумағындағы зиярат орындарында қызмет ететін шырақшылар қатысты.
Арнайы курста Р.Сабыржанұлы - Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы, Е. Төлепов - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысы бойынша бас имамы, Е. Полатов -Сауран ауданының бас имамы, И. Панов – Түркістан қаласының бас имамы және т.б. баяндамалар жасады.

Возможно, это изображение один или несколько человек и помост

Нет описания фото.

Возможно, это изображение один или несколько человек

Возможно, это изображение один или несколько человек, помост и текст

0 пікір