Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім маманы Асхат Дүйсен қатысты. Кездесу барысында дін саласындағы қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету, радикалды діни көзқарастарды ұстанатын немесе деструктивті діни ағымдардың құрамына кіретін адамдарға байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізу және суицидтің алдын-алу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және шетелдік діни оқу орындарында білім алудың тәуекелдері жөнінде кеңінен сөз қозғалды.
Бұдан бөлек, «Заң мен Тәртіп» қағидатын насихаттау шеңберінде дін мәселелеріне қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қоғамдық орындарда бет-жүзді тұтас жабатын киімдерге байланысты заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы мәліметтер баяндалды.
Іс-шара соңында қатысушылардың сауалдарына теолог маман тарапынан жан-жақты жауаптар берілді.


+7 (72533) 3 51 24
csi_uko_kz@mail.ru