ШАРДАРА АУДАНЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Шардара ауданында мекеме қызметкерлеріне және мектеп оқушыларын жат діни ағымдардың алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Д. Аманов қатысты.
Кездесудің мақсаты дін саласындағы тұрақтылықты сақтау, ғаламтор жүйесіндегі жалған діни ақпараттардан сақтану, діни экстремизм мен теріс діни ағымдардың алдын алу, діни ақпаратты тек сенімді дереккөздерден алу жайлы түсіндіру болды. Сонымен қатар сөз соңында орталық тарапынан берілген “ҚР Қылмыстық кодексі” және “Ұлт үшін туған бес арыс” тақырыбындағы бүктемелер таратылды.
Кездесудің соңында қойылған сұрақтарға теолог маман тарапынан толық жауап берілді.