«САРЫАҒАШ» МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
«САРЫАҒАШ» МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
29.01.2026
517
0
Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры Медет Халықов, «Сарыағаш» медресе-колледжінің директоры Дінмұхаммед Сманов және медресе оқытушылары қатысты.
Кездесу барысында студенттермен еліміздегі діни ахуал туралы пікір алмасылып, діни білімнің маңыздылығы, дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау, жастар арасында теріс діни ағымдардың алдын алу мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар қазіргі қоғамдағы діннің рөлі, рухани тәрбие және білім алудың жауапкершілігі туралы маңызды ойлар ортаға салынды. Сондай-ақ бітіруші курс студенттеріне мекемедегі ваканттық жұмыс орындары туралы мәліметтер берілді.
Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры Медет Халықов өз сөзінде «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында дін саласына қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығына тоқталып, жастардың діни сауаттылығын арттыру қоғам тұрақтылығының негізгі кепілі екенін атап өтті. Сондай-ақ ол радикалды көзқарастардан сақ болуға шақырды.
Ал «Сарыағаш» медресе-колледжінің директоры Дінмұхаммед Сманов студенттерге білім алуда табандылық танытып, ел игілігі үшін қызмет ететін білікті маман болып қалыптасудың маңызын жеткізді.
Іс-шара өзара пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар үшін мазмұнды әрі пайдалы болды.
 
Возможно, это изображение один или несколько человек
 
Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся и текст
 
Нет описания фото.
 
Возможно, это изображение один или несколько человек и люди учатся
0 пікір