
Түркістан облысы Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Әбухан Нұрдәулет Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округінде бірқатар кездесулер өткізді.
Құркелес ауылдық округі әкімінің аппарат қызметкерлерімен «Ұлттық құндылықты сақтау» тақырыбында кездесу өтті. Басқосуда ұлттық салт-дәстүрлеріміздің маңыздылығы, олардың дінмен ұштасатын тұстары және қоғамдағы орны жайлы сөз қозғалды.
Ауыл тұрғындарымен өткен кездесуде «Дін дәстүрден бөлек емес» тақырыбы талқыланды. Дін мен дәстүрдің өзара үйлесімділігі, олардың ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі және қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасу жүргізілді.
№67 Т. Тәжібаев атындағы жалпы орта мектебінде «Зайырлы қоғам – қайырлы қоғам» атты кездесу өтті. Іс-шара барысында жас ұрпаққа зайырлылық ұстанымы, оның дінмен байланысы, толеранттылық пен өзара түсіністік қағидалары түсіндірілді.
Бұл кездесулердің басты мақсаты – қоғамдағы діни сауаттылықты арттыру, дәстүр мен діннің ажырамас байланысын көрсету және жастарды рухани құндылықтарға тәрбиелеу.