«Рухани керуен» мүшелері сапардың екінші күні Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-нің студенттерімен кездесті
«Рухани керуен» мүшелері сапардың екінші күні Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-нің студенттерімен кездесті
30.10.2019
620
0

Алматы облысының дін істері басқармасы мен Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Жер жәннаты – Жетісу жерінен Түркі халықтарының киелі мекені – Түркістан өңіріне» Рухани керуен сапары аясында атқарылатын іс-шаралардың бірі ХҚТУ-нің мәдениет сарайының кіші залында өткізілді.
Кездесуді Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-сі директорының міндетін атқарушы Халықов Медет Мұзапбарұлы ашып, жүргізді. Басқосу барысында облыстық «Жетісу» телеарнасының бас продюсері, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстанның Құрметті журналисті — Жайлаубаев Жұмахмет Жанахметұлы, Қазақстан жазушылар, журналистер одағының мүшесі, ақын, түркідүниесі ақындары жыр мүшәйраларының лауреаты, халықаралық әдеби сыйлықтарының иегері Даулетбек Байтұрсынұлы сөз сөйлеп, жастарға жол көрсетерлік әңгімелер айтты.

Жобаның негізгі өткізілудегі мақсаты: Қазақстан халқының дәстүрлі рухани мәдениетін елімізде ілгерілету, мемлекетіміздің рухани тірегі болған асыл дініміздің жалпыға ортақ адамгершілік қағидаларын дәріптеу. Сондай-ақ, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы мен дін саласындағы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, әріптестік байланысты нығайту, салт-дәстүрлеріміз бен тағылымы мол тарихымызды дәріптеу, оларды қастерлеу болып табылады. Жоспар шеңберінде «Рухани керуен» мүшелері сапардың екінші күні Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-нің студенттерімен кездесті.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аламты облысының дін істері басқармасының төл туындысы «Рухани керуен» жобасы 2017 жылы бастау алып, қолға алынған жұмыс өз нәтижесін көрсетті.
Ағымдағы жылы «Рухани керуен» жобасының ІІІ кезеңі 6 бағыт бойынша Алматы облысының 11 ауданының шекара аймақтарын қамтыды. Биылғы жылы «Рухани керуен» жобасының арнасы кеңейтіліп, «Жер жәннаты – Жетісу жерінен Түркі халықтарының киелі мекені – Түркістан өңіріне» сапар шегу жоспарланған.

На изображении может находиться: 3 человека, в том числе Тұтқабай Фазылбек и Medet Khalykov, люди сидят, экран и в помещении

На изображении может находиться: 8 человек, люди сидят

На изображении может находиться: 1 человек, костюм На изображении может находиться: Medet Khalykov

 

0 пікір