РЕСПУБЛИКАЛЫҚ-АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ КЕНТАУДА
Кентауда елге танымал дінтанушы, республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің қатысуымен кездесулер өтті.
Аталған кездесулер №7 кәсіптік колледжі, Кентау гуманитарлық техникалық колледжі, қазақ-неміс политехникалық колледжі және Кентау трансформатор зауытында өткізілді.Кездесудің мақсаты- дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану және дәстүрлі қазақстандық құндылықтарды кеңінен дәріптеу, ықпалды кереғар ағымдар жайында мағлұмат беру.Кездесуге дінтанушы, ғалым Зікірия Жандарбек, Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ доценті Сержан Оразбай, Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Жалғас Жорабек, Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері Жайна Аринова, Нұрсәуле Әмзехан қатысты.