РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ТОБЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ТОБЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА
17.05.2023
668
0

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері коммитетінің жобасы аясында, Түркістан облысында дін істері басқармасының қолдауымен, дін мәселелері бойынша Республикалық ақпараттық-түсіндіру топ мүшелері қоғамда дәстүрлі, рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында семинарлар мен әртүрлі форматтағы іс-шаралар Мақтаарал ауданында өтті.

Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Оспанов Бақтияр, Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры Халыков Медет аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мен орталық кітапхана қызметкерлерімен кездесті.

Бүгінгі кездесудің негізгі мақсаты кездесуге қатысушыларға рухани азық беру. Сонымен қатар, қазіргі таңдағы жастардың тәрбиесі, кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің ұялы телефонға тәуелділігі, жат діни ағымдардан сақтану, шет мемлекеттерде діни білім алудың қауіптілігі тақырыптары тереңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар, дінтану пәнінің оқытылу аясын кеңейту еліміздегі қазіргі діни ахуал және конфессиялық кеңістіктің алуан түрлілігі жағдайында да маңызды. РАТТ мүшелері дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасын түсіндіріп, білім беру жүйесіндегі зайырлылықтың негізгі қағидаттарын түсіндіріп, діни экстремизмге қарсы іс-қимылдың негізгі практикалық аспектілерін жеткізді.

Возможно, это изображение 3 человека

 

Возможно, это изображение 10 человек, люди учатся, помост, больница и текст

Возможно, это изображение 8 человек, люди учатся, больница, отдел новостей и текст

0 пікір