ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ТҮРКІСТАНҒА ЖАСАҒАН САПАРЫНДА ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІН ЗИЯРАТ ЕТТІ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан қаласына жасаған жұмыс сапары аясында түркі дүниесінің рухани символына айналған «Қожа Ахмет Ясауи» кесенесін зиярат етті.
Зиярат барысында Бас мүфти қазақ даласында ислам өркениетінің қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан әулие бабамыз Қожа Ахмет Ясауидің рухына Құран бағыштап, дұға жасады. Сондай-ақ еліміздің амандығы мен тыныштығы, халқымыздың бірлігі мен берекесі, ұлт руханиятының нығаюы үшін тілектерін арнады.
Айта кетейік, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі — ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген тарихи-рухани кешен. Бұл қасиетті орынға зиярат жасау — ұлттық рухты жаңғыртып, тарихи сананы күшейтетін тағылымды дәстүр болып табылады.
Көп оқылғандар









+7 (72533) 3 51 24
csi_uko_kz@mail.ru