Қазақстандық дін ғалымы халықаралық премияға ие болды
Қазақстандық дін ғалымы халықаралық премияға ие болды
31.01.2023
653
0

Қатар мемлекетінің астанасы Доха қаласында Шейх Хамад атындағы аударма және халықаралық өзара түсіністікті қолдау премиясына елімізден тұңғыш болып PhD доктор Ықтияр Палтөре ие болды.

Аталған халықаралық жүлде – араб тілінен және араб тіліне аударуға арналған Қатар елінің әдеби сыйлығы. 20-дан астам мемлекет білікті ғалымдарын іріктеген бұл сыйлықтың жалпы құны 2 миллион долларды құрайды. Сондай-ақ жеңімпаз қазақстандық ғалым әлемгі әйгілі әл-Жазира телеарнасына сұхбат берді.

«Нұр-Мүбарак» университетінің Ғылым және инновация департаментінің директоры қызметін атқаратын ғалым Ықтияр Палтөре отандық ғылым саласындағы елеулі еңбектерімен танымал. Нақтырақ айтсақ, араб тілі пәнінің оқытушысы қызметінен бастап, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Орталық мемлекеттік мұражайда білікті маман, ҚР Ұлттық кітапханасының сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар бөлімінде  қызмет етті.

Сондай-ақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Шығыстану факультетінің деканы қызметін атқарды. Бүгінде еліміздегі бірегей ислами жоғары білім ордасындағы ғылым саласын басқарады. Демек бұл марапат отандық араб тілі саласына ғана емес, исламтану ғылымына да жаңа серпін сыйлайды деген сенімдеміз.

0 пікір