Профилактикалық және оңалту жұмыстарын жетілдіру мәселелеріндегі дінтанушылар мен теологтардың рөлі туралы
Профилактикалық және оңалту жұмыстарын жетілдіру мәселелеріндегі дінтанушылар мен теологтардың рөлі туралы
06.11.2019
942
0

 Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Дін істері комитеті және Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министірлігінің ұйымдастыруымен "Профилактикалық және оңалту жұмыстарын жетілдіру мәселелеріндегі дінтанушылар мен теологтардың рөлі туралы" IX Қазақстан дінтанушыларының форумы өтті.

Форумға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ-нің директор орынбасары Шынасылов Нұрбол Жолдыбекұлы және орталықтың бөлім басшысы А. Бектұрғанов, дінтанушы маман Өтеген Бердуәлі қатысты.
Форумды Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Әзілханов Марат Алмасұлы жүргізді. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму минисрі Абаев Дәурен Әскербекұлы құттықтау сөздерін айтып, форум өз жұмысын бастады. Форумның бірінші бөлімінде адрестік (нүктелік) ақпараттық-түсіндіру жұмысы (алдын алу) тақырыбында өтті. Бұл бөлімде Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Нүкежанов Е.Б., "Қоғамдық процестерді зерттеу және талдау орталығы" ҚБ атқарушы директоры Мустафина Т.В., "Парасат" консультациялық-әдістемелік орталығы" мекемесінің атқарушы директоры Беркімбаева И.К. баяндама жасады.
Екінші бөлім интернет кеңістіктегі қарсы насихат жұмысы тақырыбында болды. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасының орынбасары Хатиев Ә.Н., "АИК", "Киберқадағалау", "Контр" жобасының менеджері Бекташ Ә.Д., "Қазислам" интернет-порталынын бас редакторы, медиатренер, журналист, философия магистрі Қабдрахманов С.И. өз тақырыптары бойынша баяндама жасап, тәжірибелерімен бөлісті. Үшінші бөлім оңалту және радикалды діни идеологияның ықпалына түскен адамдарды райынан қайтару жұмысы тақырыптары аясында болды. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасының орынбасары Бакиров Б.Ж., "Ақниет" ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы" ҚК директорының орынбасары Маусымбеков Е.Ж. және "Нұр-Мүбарак" университетінің аға оқытушысы, PhD докторы, "Ақниет" ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы" ҚК теологы Тәжібаев С.Қ. баяндама жасады.

На изображении может находиться: 1 человек, костюм

На изображении может находиться: один или несколько человек

На изображении может находиться: один или несколько человек и в помещении

На изображении может находиться: 4 человека, в том числе Абзал Бектұрғанов, Madi Besbaev и Бердуали Отеген, люди стоят и костюм

На изображении может находиться: Бердуали Отеген, стоит

На изображении может находиться: Абзал Бектұрғанов, стоит

На изображении может находиться: один или несколько человек

0 пікір