Парасаттылық
Парасаттылық
17.01.2020
823
0

2020 жылдың 17- қаңтар күні Сайрам ауданы Қарасу ауылдық округіне қарасты №74 жалпы орта мектебінің жоғары сынып оқушыларына «Парасаттылық» тақырыбында кездесу болып өтті.
Кездесуге Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ – ның Сайрам ауданындағы дінтанушы – теолог маманы Ж.Битанов қатысты.
Дінтанушы теолог маман Дәстүрлі қазақ қоғамында парасатты адам бойында кездесетін асыл қасиеттердің біріне айналып, адамгершілік пен өнегелілік тұрғысынан жоғары бағаланған.Парасатты адамға көпті көрген, көп білетін мұндай адам сөйлейтін әр сөзін ойланып, ақыл таразысына салып айтады.
Парасат сөзі жастардан гөрі көбіне оң-солын ажыратып, ақыл тоқтатқан, сақа жастағы және үлкен адамдарға қатысты қолданылды. Ол жеке тұлғаның интелектуалдық және мінез-құлық жағынан толысып, жетілгендігін, жоғары мәдениеттілігін көрсетеді.
Француз философы Г.Мабли «Біздің бойымызға біткен қасиеттердіңішіндегі ең маңыздысы және ең ізгісі- парасат», — дейді.
Парасатты адамға істейтін ісін, сөйлейтін сөзін, қабылдайтын шешімін алдымен ақыл таразысынан өткізіп алу, әдеп-инабат, адамгершілік жағынан кінаратсыздық, салихалық пен мейірімділік, ізгілік пен кең мінезділік тән. Сондықтан парасат даналық ұғымына жақын, көптеген авторлар сол мәнде де қолдана береді. Басқа қандай артықшылығы болғанымен, ұшқалақ, күйгелек мінезді адамдарды парсатты демейді.Сонымен бірге тыйым салынған діни ағымдар мен дәстүрлі бағыттар жайында толықанды ақпарат берілді.

На изображении может находиться: 2 человека, в том числе Bytanov Zhangeldy, в помещении

 

На изображении может находиться: 15 человек, в помещении

На изображении может находиться: 5 человек, в помещении

0 пікір
Соңғы Жаңалықтар