ОТЫРАР АУДАНЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Бүгін аудандағы білім бөліміне қарасты Ш.Уәлиханов, Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы білім беретін мектептерінің жоғары сынып оқушылары мен Маяқұм ауылындағы мекеме қызметкерлеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Кездесу барысында зайырлы мемлекеттің қағидаттары, білім мен рухани тәрбиенің өзара сабақтастығы, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды сақтау, сондай-ақ жастар арасында жат діни идеологиялардың алдын алу мәселелері кеңінен түсіндірілді.Іс-шараға: Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» теолог маманы Нұрлыхан Әмзеев, дін саласына жауапты мамандар мен мектеп директорлары, ауылдық ардагерлер кеңестерінің төрағалары, АТТ мүшелері қатысты.Кездесуде интернет кеңістігінде таралып жатқан теріс діни ағымдар мен радикалды идеологиялардың қоғамға, әсіресе жұмыссыз және әлеуметтік тұрғыда осал топтарға тигізер зияны жан-жақты түсіндірілді. Кездесу барысында күмәнді сайттар мен әлеуметтік желілердегі арандатушылық материалдардың белгілері, олардан сақтану жолдары кеңінен айтылды.Сонымен қатар, қатысушыларға деструктивті идеялардың алдын алу, құқықтық жауапкершілік және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша нақты мысалдар келтіріліп, пайдалы кеңестер берілді.Шараның басты мақсаты – азаматтардың діни сауаттылығын арттыру, экстремизм мен терроризмге қарсы иммунитет қалыптастыру және қоғамдағы тұрақтылықты сақтау болды.
Көп оқылғандар
ТҮРКІСТАНДА ХОККЕЙДЕН «ЖАСТАР ЛИГАСЫ» ОЙЫНДАРЫ ӨТТІ
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ДЕПАРТАМЕНТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ДЕПАРТАМЕНТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
АРЫС ҚАЛАСЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
СОЗАҚ АУДАНЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ





+7 (72533) 3 51 24
csi_uko_kz@mail.ru