Ордабасы ауданы Темірлан ауылы Қалдыбай Бектаев атындағы жалпы орта мектебінде жалпы кездесу
Ордабасы ауданы Темірлан ауылы Қалдыбай Бектаев атындағы жалпы орта мектебінде жалпы кездесу
21.10.2019
1749
0

Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылы Қалдыбай Бектаев атындағы жалпы орта мектебінде мұғалімдер мен жоғары сынып оқушыларының қатысуымен кездесу болып өтті. Кездесуге Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің дінтанушы-теолог маманы Б.Өтеген, Ордабасы аудандық білім бөлімінің әдіскері Ұ.Мұратбек, Ордабасы аудандық жастар орталығының жастармен жұмыс секторының маманы А.Жүніс қатысты.

Кездесу барысында елімізде тыйым салынған түрлі экстремистік, террористік ұйымдарға қысқаша тоқталып өтті. Сонымен қатар деструктивті діни ағымдардың зияны, олардың дәстүрлі бағыттан айырмашылығы, оларды танудың белгілері, қоғам тыныштығына қатер төндіретін түрлі ағымдардың алдын алу туралы баяндап өтті. Деструктивті діни ағымдардың ең басты әрекет ету алаңы әлеуметтік желілер болып отыр. Әлеуметтік желілерде діни алауыздықты қоздыратын түрлі материалдар қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыруы мүмкін. Сондықтан да әлеуметтік желілер мен интернет ресурстарын пайдалану барысында абай болу керектігі мектеп оқушыларына түсіндірілді.

Сөз соңында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап берілді.

 

 

0 пікір