Өңірдің қоғамдық-саяси өміріндегі имамдардың (теологтардың) ролі
Өңірдің қоғамдық-саяси өміріндегі имамдардың (теологтардың) ролі
14.03.2023
562
0

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалында Түркістан облысы дін істері басқарамасының сұранысына сәйкес «Өңірдің қоғамдық-саяси өміріндегі имамдардың (теологтардың) ролі» тақырыбында 9-10 наурыз аралығында семинар өтті.

Оқыту барысында тыңдаушылар қоғамдық келісім мен дін саласындағы мемлекеттік саясаттың ерекшеліктерімен танысып, Қазақстандағы діни ахуал мен негізгі проблемалар, тенденциялар бойынша ақпарат алды.

Ал, имамдардың көркем уағыз айта білу дағдыларын қалыптастыру мақсатындағы шешендік өнері дәрісінде қатысушыларға практикалық кейстер арқылы тәжрибелік сабақтар берілді.

Азаматтарды азарттық ойындардан, қаржылық пирамидалардан, мақсатсыз бос қызығушылықпен несие алудан сақтандыру мақсатындағы қаржылық сауаттылық дәрісі қатысушылардың зор қызығушылығын тудырды.

Қазіргі қоғамдағы мәселелермен мысал келтіре отырып уағыз айту арқылы қоғамдық сананы жетілдіру құралы ретінде өткен сторителлинг сабағы тыңдаушыларға берілген жаңа дағды болды.

Әлеуметтік желілерді тиімді басқару және ақпараттық талдау дәрісінде әлеуемттік желіде жеке парақша жүргізу әдебі мен оның маңызды тұстарын және пост жариялау мен сұрақтарға дұрыс жауап бере білу дағдылары туралы ой қозғалды.

Семинар қорытындысы бойынша барша қатысушыларға сертификаттар табысталды.

0 пікір