Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС директоры Ерназаров Алмас Әзімханұлы Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-не арнайы екі мекеме арасында ынтымақтастықты нығайту мақсатында іссапармен келді.
Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Халықов Медет Мұзапбарұлы мен Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС директоры Ерназаров Алмас Әзімханұлы өзара бірлесіп, екі мекеме арасында меморандумға қол қойды.
Бұл келісім негізінде Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын ілгерілету, «Дін саласындағы мемлекеттік саясатты дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасы» және басқа да нормативтік-құқықтық актілер негізінде жүзеге асырылатын болады.
Бұл кездесулер жас мамандардың кәсіби дамуына жол көрсету және елдің рухани дамуына үлес қосуға шабыттандыру мақсатында ұйымдастырылды. Қазіргі қоғамдағы осындай ынтымақтастық қадамдары болашақ дін мамандарының өзара тәжірбие алмасуда және олардың қоғамдағы өзекті болған мәселелерді дер кезінде шешу жолдарын қарастыруда маңызды рөл атқарады.