МАРАЛ ИШАННЫҢ КЕНЕСАРЫҒА СЫЙЛАҒАН ҚҰРАН КІТАБЫ ТҮРКІСТАНДАҒЫ Қ.А.ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНЕН ОРЫН ТАПТЫ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев киелі Түркістанда Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында әйгілі Марал ишанның Кенесары ханға сыйлаған Құран кітабын Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне қоюды ұсынған еді. Осы орайда бүгін аталған Құран кітабын Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне тапсыру іс-шарасы өтті. Салтанатты шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, Қазақстан Мұсылмандары, Діни Басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов, Дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, Кенесары ханның ұрпақтары қатысты.