Эктремизм және терроризм: ұғымы, мәні мен көріністері
Эктремизм және терроризм: ұғымы, мәні мен көріністері
27.02.2023
528
0

Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы А.Дүйсен қатысуымен Түркістан облысының санитарлық-эпидемологиялық бақылау басқармасында дін салсасындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «Эктремизм және терроризм: ұғымы, мәні мен көріністері» тақырыбында дін саласы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесуге қызметкерлерге діни экстремизмнің салдары және керағар діни ағымдардың іс – әрекеттерінен сақтану мәселелері кеңінен түсіндірілді. Қазіргі таңда елімізде халықтың әсіресе, жастардың рухани-танымдық тәрбиесін, діни сауаттылығын арттыру маңыздылығы өте жоғары деңгейде екені айтылып, діни ахуалды ескере отырып, оны жастарға жеткізіп отыру қажеттігі бар екенін де жеткізді. Келесі кезекте діни экстремизмнің шығу тарихына қысқаша әрі нақты тоқталып өтті. Діни экстремизмнің шығуының басты үш негізі бар. Біріншісі, діни сауатсыздық. Дінге толық таныммен келмеу діни сауатсыздықтың басты көрінісі болып табылады. Екіншісі, діни сауатсыздықтың кесірінен теріс пиғылды ағымдардың өкілдерінің сөзіне еріп, надандықтан шыққан соқыр сенім. Бұл қазіргі қоғамда болып жатқан құбылыс. Ал, үшіншісі әлеуметтік мәселелер екенін жеткізді. Жиналыс соңынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

0 пікір