КЕРЕҒАР ДІНИ АҒЫМДАРДАН САҚТАНУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
КЕРЕҒАР ДІНИ АҒЫМДАРДАН САҚТАНУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
20.10.2025
634
0



Қазіргі таңда діни экстремизм мен радикализм қоғам үшін аса өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осыған орай, халықтың діни сауатын арттыру және теріс діни ағымдардан сақтандыру мақсатында түрлі кездесулер мен түсіндіру жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Осы бағытта, аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп», «Шеңгелді» шағын жинақты жалпы білім беретін мектебі, «Ергөбек» негізгі орта мектебінде жастар арасында діни жат ағымдардың алдын алу мақсатында кездесу өтті. Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ-нің бөлім басшысы Қайрат Салықбаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы Қанат Құдабаев, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, жоғары сынып оқушылары қатысты.
Кездесу барысында Түркістан облысы дін істері басқармасының "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ-нің бөлім басшысы Қайрат Салықбаев баяндама жасап қоғамда белең алып жатқан жат ағымдар туралы ақпарат беріп, мектепте бірыңғай киім үлгісін сақтау, әлеуметтік желілердегі, күмәнді сайттардағы уағызшыларды тыңдамау, діни материалдарды таратудың жауапкершілігі, шет елде рұқсат етілмеген теологиялық оқу орындарында оқудың қауіптілігі туралы айтып түсіндірді.
Жиында мектеп оқушылары тарапынан қойылған жат ағымдарды ұстанушылардың алғашқы белгілері, қандай уағызшыларды тыңдауға болатыны туралы сұрақтарға маман тарапынан тұщымды жауаптар берілді.
Кездесуде зайырлылық қағидаттарын насихаттау, деструктивті діни ағымдардың идеологиясына қарсы иммунитет қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатындағы жиынның маңыздылы сөз болып, тақырып аясында арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді.

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся, кларнет и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст «Читыл Арманда Жиерй бол Иаселаивеке Позди δα Жаксы кер Θзине сен Комектес Мыкты бол Максат кой»

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся и текст

 

 

 

0 пікір