КЕНТАУДА «ДІН МЕН ДӘСТҮР САБАҚТАСТЫҒЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ САЙЫС ӨТТІ
КЕНТАУДА «ДІН МЕН ДӘСТҮР САБАҚТАСТЫҒЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ САЙЫС ӨТТІ
14.08.2025
378
0



Кентау қаласының 70 жылдық мерейтойына орай, дін мен дәстүр құндылықтарын насихаттау және аудан, қалалардағы руханият орталықтары арасында өзара ынтымақтастық орнату мақсатында «Дін мен дәстүр сабақтастығы» атты облыстық интеллектуалдық сайыс өтті.

Сайысқа облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығы, Арыс, Түлкібас, Сауран аудандарының руханият орталықтары, орталық мешіт, «Балаби қари» Құран жаттау орталығы және өзге де мекемелерден құралған 11 команда қатысты.

Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Нәтижесінде, бірінші орынды Түркістан облысы дін істері басқармасының "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ, екінші орынды Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің құрамасы, үшінші орынды Ащысай ауылының командасы иеленді. Барлық қатысушыларға сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.

Возможно, это изображение 7 человек и текст

Возможно, это изображение 3 человека и помост

Возможно, это изображение 4 человека, стол и помост

Возможно, это изображение 10 человек, осветительное оборудование, помост и текст

 

0 пікір