Кентау қаласының 70 жылдық мерейтойына орай, облыстық деңгейде өзара ынтымақтастық орнату мақсатында облыстық интеллектуалдық сайыс өтті.
Облыстық деңгейде өткен интеллектуалдық ойынға әр салада қызмет ететін мекеме өкілдерінен құралған 10 команда қатысты.
Шара өңірдегі түрлі саланың мамандарын біріктіріп, кәсіби қарым-қатынасты нығайтуға және зияткерлік әлеуетті арттыруға бағытталды. Әртүрлі мекемелердің қызметкерлері арасында ұйымдастырылған интеллектуалдық ойынға қатысушылар белсенділік танытты.
Іс-шара барысында қатысушылар өздерінің кәсіби біліктілігі мен зияткерлік қабілеттерін көрсетті.
Аталған ойын ұжымдар арасындағы ынтымақтастықты арттырып, ой-өрісті дамытуға ықпал етті.
Нәтижесінде, бірінші орынды Түркістан облысы дін істері басқармасының "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ командасы иеленді. Барлық қатысушыларға сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.

