Жат діни ағымнан сақтан
Жат діни ағымнан сақтан
06.12.2019
564
0

06.12.2019ж Түркістан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округі Иманов атындағы шағын жинақтық жалпы орта мектебінде «Жат діни ағымнан сақтан» атты тақырыпта мектеп оқушыларына ақпараттық түсіндіру жұмысы жүргізілді. Аталған жиынға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің Созақ аудандық бөлімінің теолог маманы Қ.Қосмаханов қатысты. Теолог маман Қ.Қосмаханов дін, экстремизм, терроризм сөздерінің мән-мағынасын ашып берді. Дінде тек меніңкі дұрыс деп дінді фанатты түрде қабылдамау керек екендігін ескертті. Теріс діни бағыттағы топтардың белгілерін түсіндірді. Сондай-ақ ата-бабамыз ғасырлар бойына ұстанып келген әдет-ғұрып, салт дәстүріміздің бірнешеуін атай келе дінге қайшы келмейтінін түсіндірді. Дәстүрімізге қарсы шығу адасқандықтың белгісі екенін жеткізді.
Жиналыс соңынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

На изображении может находиться: 8 человек, люди сидят, костюм, свадьба и в помещении

 На изображении может находиться: 6 человек, в том числе Акбота Инкар, костюм

0 пікір