Жат діни ағымнан сақтан
Жат діни ағымнан сақтан
25.11.2019
617
0

Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округі Т.Әлімқұлов атындағы мектеп интернат лицейде «Жат діни ағымнан сақтан» атты тақырыпта мектеп оқушыларына ақпаратттық түсіндіру жұмысы өткізілді. Аталмыш жиынға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің Созақ аудандық бөлімінің теолог маманы Қ.Қосмаханов қатысты. Теолог маман Қ.Қосмаханов өз тарапынан еліміздің ұстанған жолы «Зайырлылық» жолы екенін жеткізді. Сондай-ақ қазіргі таңда адасып жүрген теріс діни бағыттағы ағымдардан алданып қалмау керек екенін түсіндірді және олардан сақтану жолдары айтылды. Әсіресе қазіргі таңда ғаламтор арқылы жалған (фейк) аккаунттарды пайдалану арқылы болып жатқан түрлі арандатушылыққа түспеуге шақырды. Сондай-ақ ұлттық салт-дәстүріміздің бірнешеуіне тоқтала кетіп ислам дініне қарама-қайшы еместігін түсіндірді. Жиналыс соңынан қойылған сұрақтарға жауап берді

 

На изображении может находиться: 3 человека, люди стоят, костюм и в помещении

На изображении может находиться: 13 человек, люди стоят

0 пікір
Соңғы Жаңалықтар