Жат ағымның арбау тәсілдері
Жат ағымның арбау тәсілдері
17.02.2020
550
0

Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облысы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің  дінтанушы маманы Ж. Жорабек, Ордабасы ауданы, Қарақұм ауыл округі әкімі А.Досымов «Қарақұм» жалпы орта мектебінің жоғары сынып оқушыларымен ауыл тұрғындарына «Жат ағымның арбау тәсілдері» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

Кездесу барысында деструктивті діни ағымдарға анықтама беріліп, олардың қоғамға тигізер зияны және бұл секілді ағымдардан алдын алу жолдары кеңінен талқыланды. Оранғай ауылының мектеп оқушылары қатысқан бұл шарада ДДА жақтаушыларының рухани және психологиялық портреттеріне сипаттама беріліп, дін саласындағы мемлекеттің қабылдап жатқан заңдылықтары түсіндірілді. Деструктивті діни ағымдармен күресте салт-дәстүрлердің орны туралы да айтылып өтілді.

Сонымен қатар экстремизм мен терроризмді болдырмаудың бірден бір жолы ретінде бабалардан жеткен сөздер мен дәстүр болғандығы айтылып, дәстүрлі және ұлттық құндылықтарды насихаттау арқылы деструктивті діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыруға болатындығы кеңінен түсіндірілді.

Кездесу соңында ауыл тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтарға, дінтанушы тарапынан жауаптар берілді.

На изображении может находиться: 2 человека, в том числе Жалғас Мұхтарұлы, люди стоят, экран и в помещении

На изображении может находиться: 4 человека, люди стоят и в помещении

На изображении может находиться: 1 человек, в помещении

0 пікір