Дін саласындағы кәсіби мамандарды даярлау және аймақтық діни ахуалды нығайту мақсатында Түркістан облысы Дін істері басқармасының делегациясы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетіне арнайы сапармен барды.
Делегация құрамында Түркістан облысы Дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, басқарманың «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Халықов Медет Мұзапбарұлы, сондай-ақ, орталықтың директор орынбасары Ағабеков Дархан Керимбайұлы болды.
Кездесу барысында университет ректоры, профессор Ахмед Хусейн Мухаммад делегацияны қабылдап, бірқатар маңызды мәселелерді талқылады. Жиынның нәтижесінде тараптар дін саласындағы білікті мамандарды даярлау, исламтану, дінтану және теология бағыттарындағы тәжірибе алмасу, студенттерді болашақ жұмыс орындарымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
Бұдан бөлек, бксқарма басшылары университетте білім алып жатқан өңірлік шәкірттермен арнайы жүздесіп, оларды діни құрылымдарында жұмыс істеуге шақырды. Бұл кездесулер жас мамандардың кәсіби өсіміне бағыт-бағдар беру және елдің рухани дамуына үлес қосуға шабыттандыру мақсатында ұйымдастырылды. Заманауи қоғамда ынтымақтастық қадамдары болашақ дін мамандарының білімін жетілдіруде және олардың қоғамдағы маңызды рөлін арттыруда ерекше орын алады.