Ислам дінінің қазақ жеріне таралуы
Ислам дінінің қазақ жеріне таралуы
21.01.2020
908
0

2020 жылдың 21 – қаңтар күні  «Ислам дінінің қазақ жеріне таралуы» тақырыбында Сайрам ауданы Қарасу ауылдық округіне қарасты №33 Н.Шойынбаев атындағы жалпы орта мектебінің жоғары сынып оқушыларына кездесу болып өтті. 

Кездесуге Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ – ның Сайрам ауданындағы дінтанушы – теолог маманы Ж.Битанов қатысты.

     Дінтанушы – теолог маман  Құрметті оқушылар, өздерініз оқыған «Қазақстан тарихы» пәнінен білетіндей Тарихи деректерге сүйенер болсақ, қазақ жеріне ислам діні алғаш рет 751 жылы Тараз қаласының маңындағы араб қолбасшысы Зияд ибн Сарих пен қытай қолбасшысы Гао Сяньчжи арасында бірнеше күнге созылған Атлах шайқасында арабтардың жеңіске жетуі Қытай әскері күйрей жеңіліп,Жетісу мен Шығыс Түркістан азат етілді. Ал 961 жылы Қарахан мемлекетінде Мұса қағанның кезінде мемлекеттік дін деп жарияланды.Барлық қазақ хандары Керей мен Жәнібектен бастап ең соңғы қазақ ханы Кенесары хандар өздерінің шариғатқа жүгінгендігін атап кеткен.Болашағынды айқындау үшін бір сәт болса да тарихтан өнеге алуға тиіспіз.Қазақтың тарихында біз ұялатын ештеңе жоқ демекші.Осы ретте жастар арасында тек дұрыс діни ақпараттарды жеткізумен шектелмей, үлкенге құрмет,білімге деген қызығушылық,қонақ қадірлеу,түрлі спорттық шаралар,ұлттық құндылықтарды дәріптеуіміз керек екендігін айтып өтті.Сонымен бірге Деструктивті діни ағымдардың зияны,олардың қоғам арасында керіағар діни ағымдардың рөлі қалай,олардың белгілері,сөз және іс – әрекеттері жайында толыққанды мәлімет берілді. Кездесу соңында оқушылар Қазақстанда қандай дінге рұқсат берілген?, Кімнің уағыздарын тындаған дұрыс,- деген сияты сұрақтар қойылып мамандар тарапынан жауап берілді.

0 пікір