«Интернеттегі деструктивті көріністерге қарсы әрекетету бойынша мемлекеттік огандардың жұмысында жаңа технологияларды қолдану» Киберқадағалау»
«Интернеттегі деструктивті көріністерге қарсы әрекетету бойынша мемлекеттік огандардың жұмысында жаңа технологияларды қолдану» Киберқадағалау»
10.10.2019
516
0
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті «Интернеттегі деструктивті көріністерге қарсы әрекетету бойынша мемлекеттік огандардың жұмысында жаңа технологияларды қолдану» Киберқадағалау» ( әзірлеуші – `Kazdream` компаниясы) тақырыбы бойынша семинар өткізілуде. 
Семинарға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Дін мәселелерін  зерттеу орталығы» КММ бөлім маманы Ж.Жорабек қатысуда.
Семинардың мақсаты: интернет-кеңістікте құқыққа қарсы идеяларды нсихаттауға қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік органдардың жұмысын ұйымдастыруда біріңғай тәсілдерді әзірлеу болып табылады. Күн тәртібінің орталық мәселесі ретінде «Киберқадағалау» тақырыбында қарастырылады.
Жүйенің негізгі мақсаты – қайталауды болдырмау, деректерді беру және өңдеу  жылдамдығын атрттыру жолымен Интернет желісінде құқыққа қарсы материалдарды анықтау, есепке алу, бағалау және бұғаттау бойынша мемлекеттік органдар жүргізетін жұмыстарды жүйелеу және оңтайландыру.
Бұл жүйенің қызметін ҚР БжҒМ (ақпарат комитеті, Дін істері комитеті) ҰҚК, ІІМ, БП, облыс және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары әкімдіктерінің барлық Қоғамды даму басқармасы/Дін істері жөніндегі басқармалар пайдаланады. 
Қазіргі уақытта жүйеде заңға қайшы контенті бар материалдарға 771 мыңнан астам сілтеме тіркелген. «Киберқадағалау» өнімінің толық презентациясынан 
Басқа, іс-шара аясында келесі мәселелер талқыланады:
- Интернеттегі деструктивті көріністерге қарсы әрекет ету бойынша Мемлекеттік органдардың жұмысында жаңа технологияларды пайдаланудың қол жеткізілген нәтижелері, өнімді одан әрі дамыту преспективалары;
- «Киберқадағалау» жүйесінің жаңа пайдаланушылары үшін дұрыс жұмыс жүргізуге оқыту;
- Деструктивті насихат көздерін анықтау және бұғаттау ерекшелігі, проблемалық аймақтарды анықтау және оларды жөндеу;
- «Киберқадағалау» жүйесінің деректерін әлеуметтік зерттеулер үшін негізгі көз ретінде де пайдалану;
- «Киберқадағалау» жүйесіндегі бизнес – талдау құралы;
- Оң тәжірбие алмасу;
- Тараптардың ұсыныстары.
Сонымен қатар, конференцияда «Аналитикалық интернет картасы» және «KONTR» өнімдері ұсынылады. 
Іс-шараның барынша тиімділігіне қол жеткізу мақсатында «Киберқадағалау», «АИК» және «KONTR» жүйелерінің жұмысына тікелей тартылған  Қоғамдық даму басқармасы, Дін істері жөніндегі басқарма басшылары мен сарапшылар коференцияға қатысуда.
 
0 пікір