Елордада 6 айда 288 киберқылмыс ашылды
Елордада 6 айда 288 киберқылмыс ашылды
27.07.2022
231
0

Ағымдағы жылдың алғашқы 6 айында елорда аумағында 1894 интернет-алаяқтық тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,7% – ға төмен. Оның ішінде 288 қылмыс ашылды.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Осы жылдың басынан бері 60 адам ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 25-і көп эпизодты істерге қатыстылығы дәлелденді. Ұсталғандардың орташа жасы 25-30 жас. Мысалы, Ақтөбе қаласының 25 жастағы тұрғынының 50 эпизод жасағаны дәлелденді. Ол «Оlx» сайтында түрлі тауарларды сату туралы жалған хабарландырулар жариялаған. Виртуалды шоттарда алдын-ала төлем қабылдаған. Ол жалпы сомасы 2,8 млн. теңге материалдық шығын келтірген. Елордада пәтер жалдау бойынша жалған қызмет көрсеткен 10 адам жауапкершілікке тартылды. Бұл ретте олардың өздері елордаға ұсталғаннан кейін ғана келген. Олар келтірген шығынның көлемі 4 млн теңгеден асады.

Интернет алаяқтықтардың басым бөлігі онлайн-сатып алу мен онлайн-қызметтерге байланысты болып олар 50% құрайды. Ал өздерін банк қызметкерлері етіп таныстырып қоңырау шалатын алаяқтық фактілері 25%-ды құрап отыр. Ал 10% ақшаны күмәнді акцияларға, ұтыстарға немесе брокерлік әмияндарға ақша салуға байланысты. Аталған алаяқтықтардың ішінде соңғы екі түрі жәбірленушілерге бірнеше миллион долларлық материалдық залал келтірді.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті интернет желісінде мәміле жасау және сатып алу кезінде қырағылық танытуды ұсынады.

 

0 пікір