Елімізде «Экстремизмсіз Қазақстан» атты республикалық акция жұмысын бастады
Елімізде «Экстремизмсіз Қазақстан» атты республикалық акция жұмысын бастады
30.10.2019
525
0

Елімізде «Экстремизмсіз Қазақстан» атты республикалық акция жұмысын бастады. Осы акция аясында «QAZAQSTAN WITHOUT EXREMISM!» атты байқау ұйымдастырылып, елордада қорытындыланады.


Назар аударыңыз!


Үздік қатысушылар арасында үш номинация бойынша үш бағалы ойнатылады:


1. ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕГІ ҮЗДІК ПОСТ-ЖАРИЯЛАНЫМ (Facebook, Instagram, ВКонтакте платформаларында #stopextremismkz #QazaqstanWithoutExtremism #КазахстанПротивЭкстремизма #ҚазақстанЭкстремизмгеҚарсы ресми хэштегтерін көрсету керек)


2. ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БОЙЫНША ҮЗДІК КРЕАТИВТІ АКЦИЯ (фото/видео контент, граффити, флеш-мобтар, челлендждер, демотиваторлар немесе берілген тақырыптағы кез келген басқа да шығармашылық өнім).


3. ЕРІКТІЛЕР ҚОЗҒАЛЫСЫН ҮЗДІК ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ (өз өңіріңізде экстремизмге қарсы еріктілер қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі жұмыс туралы жазылған эссе мен фото және бейнелер презентация. Facebook, Instagram, Вконтакте платформаларында жобаның ресми парақшаларында еріктілер қозғалысының қызметі туралы міндетті түрде белсенді ақпарат тарату).


Байқауға қатысатын материалдарды ұсыну мерзімдері: 2019 жылдың 20 қарашасына дейін.


Қатысу шарттары:


1) Байқауға Ел аумағында тұратын және 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.


2) Өтінімді толтырып, байқауға ұсынылған жұмыстарды қазылар алқасының қарауына ұсыну үшін тіркеу керек. Бұл бір адамның немесе үш адамнан құрылған топтың жобалары болуы мүмкін. Бұл ретте бір топқа бір өтінім толтырылады.


3) Конкурсанттар өз еңбектерінде ұсынылған тақырыптың өзектілігін көрсетіп, мәселені анықтауы қажет. Сондай-ақ, оның шешімін тауып, экстремизм мәселесінде оның алдын алу және дағдарысқа қарсы іс-қимылдар/шараларды ұйымдастыру мақсатында отандық жастарға үндеу тастауы керек. Айта кетейік, инновациялық, білім беру жобаларына және экстремистік әсерлерге қарсы әрекет ету бойынша жұмыстарда қолданылатын шешімдерге басымдық беріледі.


4) Бағалау кезінде қазылар алқасы авторлық жұмыстарға, сондай-ақ еліміздегі жағдай, көрнекі және жарқын мысалдар көрсетілген, тақырыпты алдымен терең зерттеп, толық аша алған және креативті тұрғыдан жазылған жұмыстарға артықшылық береді.

 

На изображении может находиться: текст

0 пікір