Экстремизм және терроризм: ұғымы, мәні көріністер формасы
Экстремизм және терроризм: ұғымы, мәні көріністер формасы
19.02.2020
1014
0
Қоғамдағы діни тұрақтылықты қамтамасыз ету және экстремизммен терроризмнің алдын алу мақсатында Отырар ауданы, Балтакөл ауыл округінде өткізілген кездесуде Отырар ауданының ішкі саясат бөлімінің маманы Қ.Жандарбеков және Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебінің директоры К.Аліпбековтің қатысуымен «Экстремизм және терроризм: ұғымы, мәні көріністер формасы» тақырыбында жоғарыда аталған мектеп ұстаздарымен және 9-10-11 сынып оқушыларымен жалпы кездесу болып өтті.
 
Кездесу аясында экстремизм мен терроризм ұғымына, деструктивті діни ағымдарға анықтама беріліп, дәстүрлі емес теріс ағымдардың қоғамға тигізер зардаптары және бұл сияқты әр түрлі ағымдардан алдын алу жолдары толыққанды түсіндірілді. Осы аталған шарада «Жусан операциясы және ғаламтордың әсері» тақырыбында слайд көрсетілді. Сирия мен Ирактағы соғысқа Орталық Азиядан баратындар, ДДА жақтаушыларының психологиялық портреттеріне сипаттама беріліп, Сириядағы соғыс кімдер арасында жүріп жатыр, «Жусан» операциясының кезеңдері, Сирия мен басқа да қақтығыс аймақтарына кеткендердің көпшілігі интернет арқылы шетелдік «ғұламалардың арбауына түсіп қалғандығы айтылды.
 
Бүгінгі таңдағы ғаламтор әлемінде экстремистік пен террористік идеологиясын таратушы уағызшыларының әлеуметтік желілер арқылы психологиялық арбау тәсілдері арқылы өз қатарларына қосуда. Ланкестер өз құрбандарын әлеуметтік желілерден және танысу сайттарынан іздейді Қазақстанда діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында ҚР-ның дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы бойынша заңдылықтары түсіндірілді. Деструктивті діни ағымдармен күресте ұлттық құндылықтардың орны туралы да айтылып өтілді.
 
Сонымен қатар экстремизм мен терроризмді болдырмаудың бірден бір жолы ретінде ұлы бабалардан жеткен даналы сөздер мен салт-дәстүр болғандығы айтылып, ұлттық құндылықтарды насихаттау арқылы деструктивті діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыруға болатындығы кеңінен түсіндірілді.
 
Кездесу соңында іс-шараға қатысқан оқушылар тарапынан тақырып бойынша сұрақтар қойылды. Қатысушылар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға қанағаттанарлық жауап берілді.
 
На изображении может находиться: один или несколько человек и в помещении

 

 
0 пікір