Экстремизм және терроризм: ұғымы, мәні көріністер формасы
Экстремизм және терроризм: ұғымы, мәні көріністер формасы
19.02.2020
941
0
Мемлектіміздің дін саласында діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, экстремизммен терроризмнің алдын алу мақсатында Отырар ауданы, Аққұм ауыл округі, С.Сейфулин атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімдері және 9-10-11 сынып оқушыларымен кездесуде Аққұм ауыл округінің әкімі С.Әлішері, Отырар ауданының ішкі саясат бөлімінің маманы Қ.Жандарбеков және мектеп директоры А.Сыздықәлі қатысуымен «Экстремизм және терроризм: ұғымы, мәні көріністер формасы» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесу барысында экстремизм мен терроризм ұғымдарына жеке-жеке тоқталып, анықтамалар берілді. Терроризмнің барлық түрлері және көріністері, бүгінгі заманда ең өткір мәселеге айналғанды. Олардың негізгі мақсаттары – әртүрлі діни сенімдерді пайдалана отырып, адамдардың пікіріне әсер ету, билікті ұстап қалу, ұлтаралық соғыстар, талас-тартыстар ұйымдастыру, дінді саяси құрал ретінде пайдалану екендігі түсіндірілді. Ланкестер өз құрбандарын әлеуметтік желілерден және танысу сайттарынан іздейтіні айтылды. Соңғы кездері экстремистер түрлі ғаламторда өздерінің теріс дінді насихаттайтын видеороликтерді түсіріп, жастарды адастыруда. Деструктивті діни ағымдарға анықтама беріліп, дәстүрлі емес теріс ағымдардың қоғамға тигізер зардаптары және бұл сияқты әр түрлі ағымдардан алдын алу жолдары толыққанды талқыланды.
 
 
Кездесу аясында болашақ жастарымызға экстремизм мен терроризмді болдырмаудың бірден бір жолы ретінде діни экстремизмнің алдын алу бағыттарының бірі ретінде Қазақстан қоғамында діни сауаттылықты арттыруға ерекше мән берген жөн. Қазақстандықтар діни көзқарасының әркелкілігіне қарамастан, зайырлы елімізде имансыздық, діни ой-пікірлердің радикалдануы секілді шектен шығушылықтардың таралуына жол бермеу жолында бірігуі керек.Ұлттық құндылықтарды насихаттау арқылы деструктивті діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыруға болатындығы кеңінен түсіндірілді.
 
Жалпы кездесу соңында іс-шараға қатысқан ұстаздар тарапынан «Мемлекет тарапынан теріс ағымдағы ұйымдарға қарсы қандай іс-шаралар жүргізілуде?» осы сияқты тақырыпқа байланысты қойылған барлық сұрақтарға қанағаттанарлық жауап берілді.
 
 
 
 
На изображении может находиться: 20 человек, люди сидят и в помещении
 
На изображении может находиться: один или несколько человек, люди сидят и в помещении

 

 
0 пікір