Экстремисттің белгілері
Экстремисттің белгілері
14.02.2020
575
0

        2020 жылдың 13 – ақпан күні Сайрам ауданы Жібек жолы ауылдық округі Сиқым ауылындағы № 47 Амангелді атындағы жалпы орта мектебінің  жоғарғы сынып оқушыларына «Экстремисттің белгілері» тақырыбында кездесу болып өтті. Кездесуде Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының « Дін мәселелерін зерттеу орталығы » КММ – нің Сайрам ауданындағы дінтанушы – теолог маманы Ж. Битанов қатысты.

    Дінтанушы – теолог маман  Біз күнделікті қоғамда  « экстремистік діни ағым, экстремистік әрекеттер, экстремист құрықталды », - деген сияқты сөздерді жиі еститініміз анық. Ал Экстремизм – «шеттеу» орталықтан ауытқу,белгілі жерден тыс кету деген мағынаны береді. Экстремизмнің пайда болу себебі, діни сауатсыздыққа, адамның надандыққа, көрсеқызығарлыққа бейімделген көзқарасынан пайда болады.Олар өздерін кіршіксіз ең таза деп санап, жөн білетін адамдарды мойындамайды. Бұған қарсы тұруымыз үшін  дәстүрлі дін, салт – дәстүр,тарихи деректер жайында нақты түсінік қалыптастырып,жүйелі білім алу. Діни сұрақтар туындаған жағдайда арнайы дінтанушы- теолог, мамандардан немесе жергілікті ҚМДБ қарасты мешіт имамдарынан кеңес алуға шақырамын. Кездесу сонына қарай оқушылар тарапынан нақты сұрақтар қойылып, сол сұрақтарға қанағаттанарлық жауап берілді.

На изображении может находиться: 8 человек, в том числе Жаннур Нуртаза, в помещении

На изображении может находиться: 3 человека, люди сидят и в помещении

На изображении может находиться: Bytanov Zhangeldy, стоит и в помещении

0 пікір