Экстремистті қалай тануға болады ?
Экстремистті қалай тануға болады ?
23.01.2020
655
0

      2020 жылдың 23 – қаңтар күні  « Экстремистті қалай тануға болады ? » тақырыбында Сайрам ауданы Қарасу ауылдық округіне қарасты № 69 С.Датұлы атындағы негізгі орта мектебінің жоғары сынып оқушыларына кездесу болып өтті. 

      Кездесуге Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының « Дін мәселелерін зерттеу орталығы » КММ – ның Сайрам ауданындағы дінтанушы – теолог маманы Ж.Битанов қатысты.

      Дінтанушы – теолог маман Экстремизімнің пайда болуының себебі,адамның надандыққа, көрсеқызарлыққа бейімделген көзқарасынан пайда болады. Тек менің ғана пікірім болуы керек, - деген ұстанымға ие. Айналасындағы адамдарды түсінбеу түсінгісі келмеуден шығады. Экстремизімнің құрбандары өздерін ең кіршіксіз, таза, деп санап, басқаның барлығын адасушылыққа жатқызады. Жөн білетін адамдарды мойындамайды. Экстремист – ол дәстірлі емес діни ағымның ықпалында кеткен адам.

      Оның басты белгілері:

1. Аузынан ақыр заман туралы,қорқыту,тозақ жайлы Құран аяттары түспейді. Айналасын қорқынышпен азғырып жүреді.

2. Киім киісі,сөздері,оқитын кітаптары бірден өзгере бастайды.

3. Араласатын адамдары өзгере бастайды.Бұрынғы достарымен араласуын доғарады. Көпшілік жерлерге барудан бас тартады.

4. Үнемі күйзелісте жүреді,өзін түсінбейтін адамдарды кінәлі санауы да мүнкін.

5. Жарқын ашық мінезінен айырылып,ашуланшақ, қызба мінезін көрсете береді. Қатты – қатты сөйлеп жиі ашуланады.Айналасындағы адамдардың сөздерін теріске шығарып, «шариғатта жоқ», -  деген сөзді жиі қайталайды.

Кездесу соңында оқушылар Ислам дінінен экстремист шығады ма -  ?, Жақындарымыздың бірінен бұндай белгілер байқалса не істеу керек ?- деген  сұрақтар қойылып мамандар тарапынан жауап берілді.

 На изображении может находиться: 8 человек, люди сидят, стол и в помещении

На изображении может находиться: 11 человек, люди сидят, стол и в помещении

На изображении может находиться: один или несколько человек, люди сидят, стол и в помещении

0 пікір