Екпеден бас тартушы тұрғындарымен арнайы түсіндірме жұмыстары
Екпеден бас тартушы тұрғындарымен арнайы түсіндірме жұмыстары
05.08.2019
387
0

Жетісай ауданы, Атақоныс және Ынтымақ елді мекендерінде тұратын екпеден бас тартушы тұрғындарымен арнайы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмыстары барысында «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ дінтанушы – маманы М. Салиходжаев қандай жағдайда болса да дінді қалқан етіп екпе егуге қарсы тұруға болмайтынын айта келе, діни мәтіндерден екпе егуді қолдайтын дәлелдер табуға болады, бірақ қарсы тұратын дәлелдер кездеспейтінін жеткізді. Сол үшін де Ислам әлемі ғалымдарының барлығы дерлік екпе егудің қажеттілігі мен дұрыстығын айтып отыр. Олай болса өзіміз білмеуден, білгеннің тілін алмаудан сақтанғанымыз жөн!

0 пікір