ДІНИ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ – ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ КҮРЕСТІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛІ
ДІНИ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ – ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ КҮРЕСТІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛІ
14.02.2020
478
0

Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстык орталыгы» КММ уйымдастырумен Жамбыл ауылдык округі Тегістік ауылында орналасқан «Ш.Бектасов» және Көкпарсай елді мекеніндегі «С.Мұқанов» атындагы жалпы орта мектептерінде ауыл тұрғындары мен әкімшілік қызметкерлерінің, мектептің 10-11 сынып оқушыларының қатысуымен алқалы жиын болып өтті. «Дін және жастар» айдарымен өткен жиында Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ дінтанушы-теологы Азамат Жәлел өскелең ұрпақ арасында діни экстремизм мен терроизмге қарсы іс-қимылдарды жандандыру мақсатында Қазақстан Республикасы дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары аясында түсінік жұмыстары жүргізілді. Қатысушыларға ислам мен өзге діндердің айырмашылығы, діни секталар мен миссионерлердің іс-әрекеттері, көздеген мақсаттары жайында айтылып, күнделікті өмірден нақты мысалдар келтірілді.

«Қоғамдағы өзекті мәселе – теріс діни ағымдардан жастарымыз бойларын аулақ ұстаулары керек. Бұл бағытта аудан аумағында түрлі деңгейдегі кездесулер мен дөңгелек үстелдер, жиналыстар мен тәлім-тәрбиелік шаралар өткізілуде. Бүгінгі ұрпақты имандылыққа тәрбелей отырып, халық дәстүрін жүрегіне ұялатып, санасына жеткізу діни сауаттылығын жетілдіру қажет» дейді шараны ұйымдастырушылар.

Басқосу барысында қатысушылардың ой-пікірлері мен ұсыныстары тыңдалып, талқыланды.

На изображении может находиться: один или несколько человек, люди сидят и в помещении

На изображении может находиться: один или несколько человек, люди сидят и в помещении

На изображении может находиться: один или несколько человек, люди стоят и в помещении

На изображении может находиться: один или несколько человек и в помещении

На изображении может находиться: 2 человека, в помещении

0 пікір