Діни сауаттылық-қоғам дамуының кепілі
Діни сауаттылық-қоғам дамуының кепілі
18.09.2019
1281
0

2019 жылдың 18 қыркүйегінде Түркістан қаласы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің «дінтану және теология» мамандығының бітіруші түлектерімен «Діни сауаттылық-қоғам дамуының кепілі» тақырыбында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директорының м.у.а. Медет Мұзапбарұлы және дінтанушы маман Аян Алпысбайұлы кездесу өткізді. Кездесу барысында көпшілік жастар деструктивті діни ағымдардың жетегінде не себепті кетіп жатыр? Оларға қарсы қалай иммунитет қалыптастырамыз?  Мемлекеттіміздің дін саласындағы саясатының басым бағыттары туралы түсіндірілді. Сондай-ақ ата-бабаларымыздың ұстанып келген дәстүрлі дініміз туралы да сөз қозғады. Қазақ халқының ақын-жыраулары еңбектерінде кездесетін діни мазмұндағы шығармалары талқыланды. Ақын жырауларыдың шығармаларының негізі Құран мен хадистерге сүйеніп жазылғандығы айтылды. Сөз соңында студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап беріліп, алдағы уақыттарына сәттілік тілеп кездесуді аяқтады.

На изображении может находиться: 4 человека, люди сидят

На изображении может находиться: один или несколько человек, гостиная и в помещении

На изображении может находиться: 2 человека, в помещении

0 пікір
Соңғы Жаңалықтар