Діни оңалтуға бағытталған семинар өтті
Діни оңалтуға бағытталған семинар өтті
29.12.2020
373
0

Түркістан облыстық мешітінде діни ахуалды оңалтуға бағытталған семинар өтті. Семинарға қала, аудан имамдары, ЖАНТ, АТК мүшелері, дінтанушылар, басқарма басшылары қатысты.

Семинар ЖАНТ және АТК жұмыстарын жандандыруға бағытталды. Жиын барысында Түркістан облысы "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ-нің бөлім басшысы ДДА жақтастарымен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері мен Оңтүстік өңір тұрғындарының арасындағы кереғар ағым лидерлері және олардың қателіктері турасында айтылды. Сондай-ақ жиын барысында  ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша бас имамы Еркебұлан Қарақұлов, ақида, тауһид, мәзһаб тақырыптарында дәріс оқыды. Ол Имам Ағзам Әбу Ханифаның «әл-Фиқһул Акбар» және «әл-Уәсия» еңбектерін дәріптеуді, түсіндірме жұмысында пайдалануды ұсынды. Сондай-ақ жат ағым жетегінде жүрген жандармен кездесулер өткізіп, оларды райынан қайтару үшін жеке жұмыс жүргізілетінін айтты.

Семинар сұрақ-жауап форматында өтті. Жиын соңында облыстық қоғамдық даму басқармасының "Дін мәселелерін зерттеу орталығы"  КММ дінтанушыларымен бірлесіп атқаратын ортақ міндеттер жоспары бекітілді.

 

0 пікір