Діни экстремизмнің алдын алу және жастарды патриоттыққа тәрбиелеу
Діни экстремизмнің алдын алу және жастарды патриоттыққа тәрбиелеу
05.12.2019
445
0

2019 «Жастар жылына» орай жастардың бойында отансүйгіштік, патриотизмді қалыптастыру, рухани құндылықтарды бойына сіңіру және керағар ағымдардың алдын алу мақсатында бүгін 2019 жылдың желтоқсан айының 5 күні «Діни экстремизмнің алдын алу және жастарды патриоттыққа тәрбиелеу» тақырыбында Жетісай ауданы, Жетісай қаласында орналасқан «Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық – техникалық колледжінің» студент жастарымен Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ Жетісай аудандық маманы М. Салиходжаев семинар кездесу өткізді.
Ордалы оқу орнының стдуент жастарына маман М. Салиходжаев діни экстремизм мен терроризмге бой алдыруға алып баратын жолдар туралы толық мәлімет берді. Қоғамның белсенді күші саналатын жастарымыздың жат ағымға еріп кетуге түрткі болып жатқан жағдаяттармен таныстырып, олардан бойды аулақ ұстаудың тәсілдерімен де бөлісті. Жат ағым жақтастарының тарихымызды, салт – дәстүр мен мәдениетімізді жоққа шығарудағы басты мақсат - сындарлы жылдар сызат түсіре алмаған Тәуелсіздігімізден айыру, ұлттық санамыздан жұрдай ету, тоқ етерін айтқанда – дін атын жамыла отырып Елдігімізді жою екендігі баса назар аударып айтылды. Студент жастардың ұлттық рухын көтере отырып, деструктивті діни ағым өкілдеріне қарсы тұру мақсатында тарихтан белгілі батыр бабаларымыздың Еліміздің қазіргі бейбіт, мамыражай күй кешуі жолындағы ерен еңбектері үлгі ретінде саналарында және бір рет жаңғыртылды. Өз ұлтының тарихын білмеу, оның рухани құндылықтарын қастерлемей ұмыт қалдыру, Елі үшін аянбай тер төгуге деген асыл қасиеттің әрбір Отандасымыздың бойында болмауы жат ағым қатарына апарар тура жол екендігі жастар санасына сіңімді түрде жеткізілді.

На изображении может находиться: в помещении

 

На изображении может находиться: 10 человек, толпа

На изображении может находиться: 8 человек, люди сидят и в помещении

0 пікір