Діни экстремизмнің алдын алу және жастарды патриотизмге тәрбиелеу
Діни экстремизмнің алдын алу және жастарды патриотизмге тәрбиелеу
12.02.2020
540
0

Бүгін 2020  жылдың ақпан айының 12 – жұлдызында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ Жетісай аудандық маманы М. Салиходжаевтың қатысуымен  Жетісай ауданы, Жаңа ауыл ауылдық округінде орналасқан «Қ. А. Яссауи атындағы №22 жалпы орта мектебінің» ұстаздары мен оқушыларына дін салсасындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «Діни экстремизмнің алдын алу және жастарды патриотизмге тәрбиелеу» тақырыбында дін саласы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Дінтанушы маман М. Салиходжаев:

Қазіргі таңда еліміздің бейбітшілігі мен кез келген салада тұрақтылығана көз аларта қарайтын деструктивті ағым өкілдері бар. Олар түрлі жолдармен сіздер секілді жастарды өз арбауына түсіріп, діни экстремизм мен терроризмнің құрбаны еткісі келеді. Сондай ағымдардан сақтанудың ең басты құралы төл тарихымызды жақсы білу,отанымыздың әрбір тұрғынының бойында  патриотизм сезімі күшті болуы. Қазақ халқы ежелден өз Отанын, ұлтын сүйген. Батырларымыз бастаған қазақ халқы Отанын, жерін, ұлтын жаудан қорғаған. Оны Қазыбек би өз сөзінде былай келтіреді: «Біз  қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз.Елімізден құт береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз;ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәмі-тұзын ақтай білген елміз; асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды» дей отырып, қазақ халқының өз елін, жерін қорғаудағы қажырлығын, жанын аямайтын патриоттығын, такаппарлығын көрсетеді. Олай болса,  біз сіздер секілді жастарға осындай ұлағатты сөздерді санасына сіңіру арқылы, оның өз ата-тегін, ұлтын, халқын силауға, Отанын сүюге, өз еліне деген мақтаныш сезімін оятуға бағыт береміз. Ешқандай да деструктивті ағым өкілдеріне осынау бейбіт те берекелі еліміздің шырқын бұзуға жол бермеуіміз қажет! Өз тарихын білу — ұлттық сана-сезімнің ажырамас бөлігі, ол этникалық тұтастықтың сақталуы мен оның келесі буындарда жалғасын табуда маңызды.  Қазіргі ұрпақтың  өз халқымен бірлігін сезінушілігі және өзін оның күллі тарихи жетістіктерінің тікелей мирасқоры  мен  нақты сақтаушысы әрі жалғастырушысы  ретінде  сезінуінің мәні зор болмақ. Тек тұлға ғана өзінің Отанға деген қатынасын ішкі, қастерлі сезім ретінде пайымдауға қабілетті. Сол себепті, патриотизм де тұлғаның биік даму деңгейін сипаттайтын аса маңызды рухани игілік ретінде түсініледі.

На изображении может находиться: 1 человек, в помещении

На изображении может находиться: 3 человека, в том числе Максат Салиходжаев, люди сидят и в помещении

На изображении может находиться: 10 человек, люди сидят, стол и в помещении

0 пікір
Соңғы Жаңалықтар