Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу
17.09.2019
503
0

Бүгін 2019 – жылдың 17 қыркүйек күні Жетісай ауданы, Жетісай қаласында орналасқан Жетісай ауданының төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлеріне «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында облыстық қоғамдық басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ Жетісай аудандық маманы М. Салиходжаев тарапынан түсіндірме жұмысы жүргізілді. М. Салиходжаев:

Терроризмнің басты белгілері «зорлық-зомбылық», «үрей туғызушылық», «кінәсіз адамдарға кесірін тигізу». Экстремизм мен терроризмге қарсы күрестің негізгі жолы – олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру болып табылатынын ескертіп өтті. Террорлық жолға түскен адамдардың еліне пайдасы тиер мұсылман азамат болып қалуы неғайбыл. Себебі дінде адам өлтіру арқылы ізгі мақсатқа жету туралы ұғым мүлде жоқ. Жас ұрпаққа рухани тәрбие беріп, діни сауаттылығын арттыру үшін қазіргі таңда көптеген жұмыстар жүрізілуде. Бала тәрбиесі баршамызға ортақ. Осы орайда, адасқан жастар неліктен адамзаттық құндылыққа қарсы шығады? Өз ұлтын өзі жау көріп, «жанды бомба» болып жарылуын қалай түсінеміз? Бұл сауалдардың жауабы - тәрбиеде кемшін кеткен тұстар бар. Діни сауаты жоқ, рухани тәрбиеден жұрдай осындай жандарды әлдебіреулер жолдан тайдыру арқылы санасын роботқа айналдырып, өз мақсатына қолдануда. Тіпті оларды көндіру үшін түрлі дәрі-дәрмектер мен психотроптық заттардың көмегімен арандату жағдайлары да жиі кездеседі. Егер діни сауаттылықты көтеру істерін бүкіл ел болып жаппай қолға алсақ, адамзатқа қауіп төндірер экстремизм мен терроризмнің алдын алуға болатындығын естен шығармауға тиіспіз.

На изображении может находиться: 3 человека, в том числе Максат Салиходжаев, люди сидят, стол и в помещении
 
На изображении может находиться: 9 человек, в том числе Алмас Дадабаев и Бакытжан Сыздыкали, люди улыбаются, люди сидят и в помещении
0 пікір