Діни экстремизм мен терроризм
Діни экстремизм мен терроризм
12.09.2019
489
0

Бүгін 2019 жылдың 12 қыркүйек күні Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Түркістан облысының жекпе-жек түрлерінен жоғары спорт шеберлігі» КММ-нің қызметкерлерімен «Діни экстремизм мен терроризм» тақырыбында кездесу болып өтті.

Кездесуге Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің дінтанушы-теолог маманы Б.Өтеген қатысты.

Кездесу барысында Қазақстандағы жалпы діни жағдай, деструктивті діни ағымдардың зияны, олардың белгілері, діни қате сенімнің арбауына түспес үшін діни білімнен хабардар болу керектігі жайлы кеңінен түсіндіріп, қоғамдағы діни ахуалды тұрақтандыру мәселелері айтылды.

Қатысушылар тарапынан дін саласына қатысты сұрақтар қойып, толыққанды жауаптар алды.

На изображении может находиться: 2 человека, в том числе Бердуали Отеген, в помещении

На изображении может находиться: 6 человек, в том числе Жанна Алимбай, в помещении

0 пікір