Дін-тұрақтылық кепілі және Жусан операциясы
Дін-тұрақтылық кепілі және Жусан операциясы
03.12.2019
450
0

Түркістан облысы Келес ауданы Абай ауылы тұрғындары арасында «Дін-тұрақтылық кепілі және Жусан операциясы» тақырыбында Түркістан облысы, қоғамдық даму басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің дінтанушы маманы Дүйсен Асхат кездесу өткізді.
Кездесу барысының негізгі мақсаты – діни экстремизм мен терроризмнің қоғамға келтіретін зиянын, радикалданған жат діни ұйымдар туралы мағлұмат беру. Ұлттық құндылықтармен біте қайнасқан дінімізбен дәстүрлі емес діндердің айырмашылықтарын түсіндіру. Арбалаушы деструктивті діни ағым өкілдерінің пайда болуы және мақсаты, ғаламтор құрбанына айналудың негізгі себептері, теріс ағымның жетегінде кетпеу жолдары айқындалды. Елбасымыздың бастамасымен «Жусан» операциясымен қайтарылған азаматтарды зайырлы қоғамға бейімдеу, дәстүрлі құндылықтарға баулу іс-шаралары жайында толық мағлумат берілді. Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға қанағаттанарлықтай жауап берілді.

На изображении может находиться: 9 человек, в том числе Ерлан Айтбаев, люди сидят

 

На изображении может находиться: 7 человек, люди сидят

0 пікір