Дін – тұрақтылық кепілі
Дін – тұрақтылық кепілі
03.12.2019
278
0

Түркістан облысы Келес ауданы, Қошқарата ауылдық округі тұрғындарымен жалпы кездесу өтті. Кездесуге  Түркістан облысы,  қоғамдық даму басқармасы  «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің дінтанушы маманы Дүйсен Асхат «Дін - тұрақтылық кепілі» тақырыбында кездесу өткізілді.

Кездесу барысының негізгі мақсаты – діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, деструктивті діни ұйымдар және мемлекетімізге тигізер зияны туралы толыққанды мағлұмат беру.Ұлттық құндылықтармен біте қайнасқан дінімізбен дәстүрлі емес діндердің ерекшеліктері мен белгілерін түсіндірілді.  Экстремистік идеологиясын таратушы үағызшылардың  құрбанына айналудың негізгі себептері, теріс ағымның жетегінде кетпеу жолдары айқындалды. Сонымен қатар «Жусан операциясы» нәтижесінде Сириядағы соғыс аймағынан қайтарылу іс-шаралары жайында айтылды. Сөз соңында  тұрғындар тарапынан тақырыпқа сай қойылған сұрақтарға толыққанды жауап беріліп еліміздің амандығын тілеп кездесу аяқталды.

На изображении может находиться: один или несколько человек, люди сидят, люди стоят и в помещении

На изображении может находиться: 3 человека, в помещении

 

0 пікір