Дін – тұрақтылық кепілі
Дін – тұрақтылық кепілі
25.11.2019
515
0

Түркістан облысы Түлкібас ауданы Тастұмсық ауылдық округі тұрғындары арасында «Дін – тұрақтылық кепілі» тақырыбында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің дінтанушы маманы Аян Алпысбайұлы кездесу өткізді.

Кездесу барысында қазіргі уақытта ерекше алаңдатып отырған радикалды діни ағымдардың зияны, жергілікті тұрғындар арасындағы діни сауатсыздық, дәстүрлі діни танымның төмендігі, жат насихаттарды айыра алмау себептерінен деструктивті ағымдарға тартылуы жайлы және мемлекеттіміздің дін саласындағы саясатының басым бағыттары мен зайырлылық ұстанымдары туралы түсіндірілді. Сондай-ақ Ата-бабаларымыздың ұстанып келген дәстүрлі дінімізді әрбір мұсылман азаматы білуі міндет екенін ескертті. Сөз соңында қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап беріліп, еліміз аман, жұртымыздың тыныштығын тілеп кездесуді аяқтады.

На изображении может находиться: 3 человека, в том числе Шахмардан Сакыбеков и Аян Мейірбек, цветок

На изображении может находиться: 13 человек, в том числе Жасулан Кысмуратов

На изображении может находиться: 6 человек, люди сидят и толпа

На изображении может находиться: 1 человек, толпа и в помещении

0 пікір